Хоккей тарихындағы ең ірі төбелес (Бейнебаян)

Хоккей тарихындағы ең ірі төбелес (Бейнебаян)

Хоккей тарихындағы ең ірі төбелес жайлы естіп пе едіңіз? Естімесеңіз, айтып берейік. 1987 жылы КСРО мен Канада жастар құрамалары арасында хоккей тарихындағы ең ірі төбелес болды. Канада құрамасы чемпиондықтан бір қадам артта болғанымен, біздің (КСРО) жігіттер де қатардан қалыспай, әдемі ойын көрсетті. Ақтық сында 4:2 есеппен Канада құрамасы алға шығады. Ойынның екінші периодында Канада қорғаушысы Тео Флери біздің шабулшымыз Валерий Зелепукинді арқасынан бір ұрып, ұрыс-керісті бастаған. Нәтижесінде екі құраманың ойыншылары топ-топқа бөлініп, бір-біріне жұдырық ала жүгірген. Қосымша ойыншылар қатарындағы біздің төрт жігіт орындарын тұрып, төбелеске қосылды. Көп кешікпей мұз айдынына екі кұраманың да қосымша ойыншылары шығып, жағдайды ушықтырып жіберді. Екі құраманы тәртіпке шақыру әрекеттері ештеңе әкелмегендіктен, аренада жарық өшірілген. Екі елдің хоккейшілерін тәртіпке шақыра алмаған норвегиялық төреші Ханс Ронинг пен екі лайнсмен мұз айдынынан кетіп қалды. Ақырында екі команда ойыншылары 18 айға, ал екі жаттықтырушы 3 жылға ойыннан алыстатылды.

Нәтижесінде чемпиондар атағы екі командаға да бұйырмай Финляндия жастар құрамасының қоржынында кетті. Спортты форумда талқылайық.

Бейне авторы: sportmediaportal

Сурет k-1video.narod2.ru сайтынан