Харбиндегі қар және мұз фестивалі

Харбиндегі қар және мұз фестивалі

1963 жылдан бері Харбинде жыл сайын қар мен мұз фестивалі өтеді. Харбин - Қытайдың солтүстік-шығысында орналасқан Хэйлунцзян ауданының астанасы.

Бұл қаланы «Мұз шаһары» деп атайды. Қыс мезгілінде бұл аймақта орташа температура -18°С, кей кезде ауа райы -38,1°С-қа жетеді.



Мәдени төңкерістер кезінде фестиваль өткізілген жоқ. 1985 жылдан бастап фестивальді өткізу қайта қолға алынды.


Биыл фестиваль 5 қаңтарда басталып, үш айға жалғасатын болады.

Фестиваль барысында 100-ден аса туризм, өнер, спорт, мәдениет және сауда-экономикалық қызметке байланысты іс-шара өткізу жоспарланған.


Фестивальге қатысу үшін Қытай пен алыс-жақын шетелден мүсіншілер келеді. Фестиваль аясында неке қию салтанаты өткізіледі.

Өз некелерін мұз қалашығында қию үшін фестивальдің алғашқы күні Нигерия, Ресей, Қытай мемлекеттерінен 18 жұп арнайы келген болатын.


Суреттер bigpicture.ru, nnm.ru ғаламтор беттерінен алынған

Ғ. Ұзақ