Жол апатына әкелетін көлік түстері

Жол апатына әкелетін көлік түстері

Австралияның Монаша университетінің ғалымдары көліктерге байланысты өте қызықты зерттеу жұмысын жасады. 20 жылдық бақылау тәжірибесі бар мамандар сыр түсінің көліктің жол апатына әсер етуін байқап, белгілі бір қорытындыға келді. Зерттеу жұмысы барысында 850000 көлік апатымен байланысты  келеңсіз жағдайлардың мән-жайы зерттелді. Есепке көлік түсі, уақыт пен апаттың түрлері сынды мағлұматтар алынды. Коммерциялық транспорт, такси мен микроавтобустар есепке алынбады. Зерттеу қорытындысында жол апаттарына қара түсті көліктер көп түсетіні анықталды. Егер күндіз бұндай көліктердің 12%-ы  келеңсіз жағдайға түсетін болса, түнде бұл көрсеткіш 47%-ға дейін өскен.

Сонымен қатар, көлік апаттарына күміс, қызыл, көк, сұр түсті темір тұлпарлар жиі ұшырайды. Зерттеушілердің пайымдауынша, бұндай көліктер жол мен ландшафт фонында  айқын байқалмайды. Егер зерттеушілердің баяндамаларына сенетін болсақ, ең қауіпсіз көліктердің қатарына ақ, алтын және сары түсті темір тұлпарлар жатады. Сонымен қатар, сарғылт түсті машиналар қалғандарына қарағанда жол апаттарына ең аз түседі екен. Бұған қоса, баяндаманы дайындаған зерттеуші Стюарт Ньюстед жасалған қорытындыларға қатты сеніп, қара, қоңыр түсті көліктерден бас тарту жөнсіз деп айтқан. Өйткені, барлық кінәні көлік түсіне асып қоюға болмайды. Жауапкершілік - толығымен жүргізушіде.

Еліміздегі жол апаттарына келетін келетін болсақ, бұл жақтағы жағдай тура шетелдегідей. Ең қауіпті түстердің қатарында қара, қоңыр және жасыл түстер жатады. Бұндай көліктер қоршаған ортаға жұтылып кетіп, жол апаттарына жиі әкеледі-міс.

Сурет profismart.ru сайтынан алынған