Пайдасы аз ас үй гаджеттері

Пайдасы аз ас үй гаджеттері

Ас үйге арналған "жаңа заман" құралдарына деген сұраныс келеді де, кетеді.   Ал гаджеттердің өздері ас үй сөрелерінде шаң жинап қалады. Жарнамада техниканың соңғы сөзі болатын осы аспаптарсыз өмір сүру мүмкін емес деп айтылса да, олардың еш пайдасы жоқ екенін байқаймыз. 

Жұмыртқа пісіретін сауыт

Пісірілген жұмыртқа - пайдалы әрі дәмді таңғы ас. Алайда, көбісі жұмыртқаны қалағанындай пісіре алмайды. Біреулері асыра пісіріп жіберсе,  екіншілері шикі етіп пісіреді, басқалары тіпті абайсызда жұмыртқаны жарып жіберіп, мүлдем құр қалады. Осы сәтте сізге көмекке жұмыртқа пісіретін сауыт келеді. Жұмыртқаларды арнайы ыдысқа салып, сауытқа су құйып, таңғы астың даяр болғанын күтесіз.

Расында, жұмыртқаның бұндай сауытта пісуі жарнамадағыдай оп-оңай емес. Ол суда емес, сол судың буында піседі. Сауыттың үсті әйнек болғандықтан, ыдыстың ішінде өзіне тән қысым қалыптасады. Бұл жағдайда жұмыртқалардың жарылып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан да, жұмыртқаны сауытқа салмас бұрын, оны бір шетінен ерекше инемен тесу керек. Бұл тесікті істеудің өзі - үлкен өнер. Егер жұмыртқаны қате тессеңіз, ол дұрыс піспей, жарылып кетуі де мүмкін. Пісіру уақыты да, дәмі де үйреншікті суда қайнатылумен бірдей-ақ. Осындай ғажап сауыт сізге әлі де керек пе?


Жұмыртқаны төртбұрыш қылатын аспап

Өнертапқыштар, сірә, жұмыртқаға ерекше құмар болса керек. Әйтпесе, келесі құралды ойлап таппас еді. Бұл аспап сопақ жұмыртқадан төртбұрыштар жасайды. Бар болғаны ішіне піскен жұмыртқа салу керек. Арзан тұратын бұл құралдан шыққан жұмыртқа, кәдімгі жұмыртқаның дәмінен артық емес.


Жұмыртқа турайтын құрал

Жұмыртқа мәселесін жабу үшін келесі ас үй гаджетін қарастырайық. Жұмыртқаны ішіне салып, туралған текшелер аласыз! Оны ұзын текшелерге, дөңгелектерге де бөлуге болады. Бұл аспаптың пайдасы мол болғанымен, шыныңызды айтыңызшы, жұмыртқаны жиі турайсыз ба? Мерекелік салаттарға жылына бірнеше рет болар? Пышақпен де тындырылатын бұл іс бес минуттан артық уақыт алмайтын да шығар. 

  

Ал сізге қандай ас үй гаджеттері керек болмай қалды?

Жалғасы бар.

Сурет lady.mail.ru сайтынан алынды.

С. А