Нетбукке WINDOWS XP операционды жүйесін орнату

Нетбукке WINDOWS XP операционды жүйесін орнату

Нетбук иелері WINDOWS XP-ді өз есептеуіш машиналарына қалайша орнатуға болады деген сұрақпен көптеген форумдарды ақтарып жатады. Неге XP? Өйткені, қазіргі нетбуктар тек осы операционды жүйеде жақсы жұмыс істейді. ХР Windows 7 Windows Vista-ға қарағанда «жеңіл» болғандықтан, тез әрекеттілігі де жаман емес. Нетбукты сатып алған қолданушы, операционды жүйені орнату проблемасына тап болады. Оның CD дисктерді оқитын құрылғысы да жоқ. Егер сіздің иелігіңізде USB жады, операционды жүйенің дистрибутиві мен дербес компьютер болса, нетбукқа WINDOWS XP орнату еш қиындық туғызбайды. Ең бастысы жүктемелі флеш-құрылғысын құрып, ішіне Windows операционды жүйенің дистрибутивін енгізіп, USB жады арқылы жүктеу керек.

Тақырыптың басында айтылғандай, бізге: флеш-жады немесе жад картасы, Windows ОЖ дистрибутиві, дербес компьютер мен WinToFlash бағдарламасы керек болады. Бұл бағдарламаны интернеттен жүктеп алуыңызға болады. Айтпақшы, бұл бағдарламаның көмегімен сіз тек Windows XР-ді ғана емес, сонымен қатар Windows 7 / Vista орнатып алу мүмкіндігіне ие бола аласыз.

Windows XP дистрибутивін USB флеш жадыға көшіру

Сонымен, флеш құрылғының ішіндегі барлық маңызды ақпараттарды компьютерге көшіріп алып, оны форматтаймыз. Маңызды: USB флеш жадының сыйымдылығы дистрибутивтің көлемімен пара-пар болуы тиіс. Windows XP дистрибутивіне  1 Гб жады жетіп жатыр.

 

WinToFlash бағдарламасын интернеттен жазып алып, оны іске қосамыз. Пайда болған терезеде жалғыз тұрған жасыл қанат белгісіне тышқанның сол жақ батырмасымен басамыз. (Байқасаңыз, бағдарламаның интерфейсі Украин тілінде, егер сізге ыңғайсыз болса – жоғарыда орналасқан қосымша реттеу терезесінен өзіңізге ыңғайлы тілді таңдай аласыз). 

«Далее» пернесін шертеміз.


Келесі терезеде дистрибутивтің орналасқан жері мен флеш жадының жолын көрсетіп, қайтадан «Далее» пернесін басамыз.

Лицензионды келісімнің шартын қабылдаймыз.

Форматталуға да келісеміз.

Барлық ақпараттың флеш жадқа жазылу процесі шамамен 15 минут уақытты алады. Күтеміз. 

Файлдардың көшірілуі аяқталды, Windows XP операционды жүйесі бар USB жады қолданылуға дайын.

Флеш жадыдан жүктеу

Бұл үшін жүктелу кезінде F2 немесе DEL пернелерін басу арқылы BIOS баптауларына кіреміз. BOOT қосымша терезесін тауып алған соң, ұсынылған құрылғылардың ішінен өзіміздің USB жадымызды тауып алып, оны тізімнің бірінші сатысына орналастырамыз. Баптауларды сақтап алып, компьютерді қайта жүктеуге жібереміз.

Егер барлығы ойдағыдай дұрыс болып шықса, мониторыңызда жаңа тізім пайда болып, оның ішінен бірінші тармақты таңдап алып, Enter пернесіне басамыз.

Сонымен, USB жадыдан Windows XP-дің орнатылуы басталды.

Бұдан кейін операционды жүйенің орнатылуы қарапайым үйреншікті тәртіпте жүзеге асырылады. Орнату барысында бірнеше рет қайта жүктеу орындап, өзімізге таныс тізімнің ішінен компьютер өзіне керекті баптауларды таңдап алады. Операционды жүйені орнату процесі еш қиындық туғызбау керек, ал егер сізге бұл процесс бейтаныс болса, интернетті аралап жүріп, керекті ақпаратқа қол жеткізе аласыз.

Өзіңіз көріп отырғаныңыздай бұл жұмыс өте қарапайым болғандықтан, қаражатыңызды босқа жұмсап, арнайы мамандарды шақыртпай-ақ, мұны өзіңізге орындауға болады. Іске сәт.

Суреттер gelezki.com сайтынан алынған