Соңғы аудармалар

Негізгі / Бірге аударайық / Фильмдер / Теңіз жағасындағы үй / Иль Маре / Il Mare / Siworae

Теңіз жағасындағы үй / Иль Маре / Il Mare / Siworae

Теңіз жағасындағы үй / Иль Маре / Il Mare / Siworae

Аты: Теңіз жағасындағы үй / Дом у озера / Иль Маре / Il Mare / Siworae
Мемлекет: Оңтүстік Корея
Шыққан жылы: 2000
Жанр: мелодрама, фэнтези
Ұзақтығы: 105 минут
Режиссер: Hyun-seung Lee

Рөлдерде: 
*Jun Ji-hyun/Чжон Чжи Хён - Ким Ын Чжу рөлінде
*Lee Jung-Jae/Ли Чжуң Чже - Хан Сон Хён рөлінде

Аударған: Zere

Редактор: Lee Yo Ma

Сипаттама: 
Сандра Баллок пен Киану Ривз ойнайтын "Дом у озера" фильмі осы фильмнің римейкі. Сол фильмді көргендер болса, осы фильмді де көруге ұсынамыз. Сюжет ұқсас болғанымен, корейліктер тамаша актерлік шеберлікпен бастапқы минуттан баурап алады. 

1999 жылдың соңында Ын Чжу теңіз жағасындағы үйден қалаға көшіп, ескі пошта жәшігіне жаңа қожайындарға рождестволық құттықтау хатын жазып, салып кетеді. Хатта сонымен қатар, босағадағы күшіктің іздері үшін кешірім сұрап, бірақ ол іздер оған дейін болғанын жазады. 1997 жылдың соңында бұл хатты жаңа қожайын Сон Хён оқиды. Босағада ешқандай күшіктің ізін көрмеген ол, хат иесі мекен-жайды шатастырып алған деп шешіп, елемейді. Алайда біраз уақыт өткен соң күшігі төгілген бояуға аяғын былғап алып, босағада іздерін қалдырады. Сон Хён сол кезде жазылған хатты есіне алып, 1997 жылдан Ын Чжуға хат жазады. Кешегі хатыңызға 2010 жылдан хат жазып отырмын десе, сенер ме едіңіз? Бірақ кейіпкерлер бір-біріне сенеді, өйткені екеуін байланыстырар ұқсас жан күйзелісі бар...

---------------------------------------------------------------

Ілмек сөздер:

Дайындаған: Anara Mustafina
Дата:30 желтоқсан 2012, 23:08
Теги:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.