- Негізгі бет
- Tokyo 2020
- Василий Левит нокаутпен...
Василий Левит нокаутпен жеңілді
91 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Василий Левит Олимпиада ойындарын ерте аяқтады. Отандасымыз испан боксшысы Эммануэль Рейеспен болған жекпе-жекте нокаут алып, кездесуді тоқтатты.
Бірінші раундта екі қарсылас тең жұдырықтасқан. Десе де бес төрешінің үшеуі испан спортшысына басымдық берген. Екінші раундта Василий шабуылын үдеткен сәтте қарсыласының қарқынды соққыларына тап болды. Нәтижесінде нокаутқа түсіп, төреші жекпе-жекті ерте аяқтады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Василий Левит 2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарында күміс медаль еншілеген. Токиода қазақ жанкүйерлері топ жарар деп күткен-ді. Өкінішке қарай, жапон жерінде қазақстандық боксшыға жүлде бұйырмады.
Айта кетейік, бүгін шаршы алаңғы шыққан 69 килодағы Абылайхан Жүсіпов те жарыс жолынан шығып қалған еді.