Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы 500 м қашықтықта жұптық каноэден В финалы өтті.
Қазақстандық Маргарита Торлопова мен Светлана Усова бұл жарысты 2 минут 4,859 секундта аяқтап, 4-орыннан көрінді. Ал қорытынды жарыста 12-орынға табан тіреді.
В финалының жеңімпазы – чилиліктер Мария Майлард пен Карен Роко. Жеңімпаз бен отандастарымыздың арасындағы айырмашылық 2,161 секундты құрады. Екінші орынды Беларусь өкілдері алды – 2 минут 4.351 секунд. Үздік үштікті Өзбекстан спортшылары қорытындылады – 2 минут 4,658 секунд.
Торлопова мен Усова аустралиялықтар мен жапондық әйелдерге қарағанда жылдамырақ болды, олар тиісінше 5 -ші және 6 -шы орындарды иеленді.