Отандасымыз Елена Рыбакина жартылай финалда швейцариялық теннисші Белинда Бенчичпен кездесті. Бірақ финалға өте алмады. Енді қолаға бақ сынап көрмек.
Ойын 1 сағат 32 минутқа созылды. Елена бірінші сетте 6:7 есебімен жеңілгенімен, екінші сетте біршама ширақ ойынға қосылып, 6:4 есібен жеңді. Ал үшінші сетті 3:5 есебімен жеңілді.
Елена Рыбакина бұған дейін төрт кездесу өткізіп, ширек финалда танымал теннисші испан теннисшісі Гарбинье Мугурусаны айқын басымдықпен жеңген еді. Алайда алтынға таласта жолы болмады.
Айта кеткен жөн, Елена Рыбакина – Олимпиада ойындарының жартылай финалына шыққан қазақстандық тұңғыш теннисші.