Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токиодағы Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты. Отандасымыз ширек финалда испан теннисшісі Гарбинье Мугурусаны ұтты.
Ойын 1 сағат 32 минутқа созылды. Елена бірінші сетте 7:5 есебімен басым болса, екінші сетті 6:1 есебімен аяқтады.
Елена Рыбакина Олимпиада ойындарының жартылай финалына шыққан қазақстандық тұңғыш теннисші. Бұл кезеңде отандасымыз швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі.