Токиодағы Олимпиададада отандасымыз София Берульцева жартылай финалда мысырлық Ферял Абделазизбен жекпе-жек өткізді.
Отандасымыз қарсыласынан 5:4 есебімен жеңіліп, қола медалді еншіледі.
Каратэші София Берульцева алғашқы қарсыласымен (түркиялық) 5:5 есебімен тең түсті. Екінші қарсыласын (италиялық) 5:1 есебімен жеңді. Осылайша ол жартылай финалға мерзімінен бұрын жолдама алды.
Айта кетейік, осыған дейін каратэші Дархан Асәділов Олимпиадада қола медаль алған болатын. София Берульцеваның жүлдесі каратэден екінші медаль, ал, осы Олимпиадада Қазақстан қоржынына түскен сегізінші қола медаль болды.
Бұған дейін ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло, сондай -ақ дзюдошы Елдос Сметов пен бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев және Сәкен Бибосынов пен балуан Нұрислам Санаев қола жүлдегер атанған болатын.