Олимпиада ойындары (гр. Ολυμπιακοί αγώνες) – Халықаралық Олимпиада комитетінің қамқорлығымен 4 жылда бір өтетін ең ірі халықаралық спорттық жарыс. Олимпиада ойындарында жеңіп алған медаль спорттағы ең жоғары жетістіктердің бірі саналады. Массагет порталы Олимпиада тарихынан қызық деректер ұсынады.
♦ Ежелгі Грецияда Олимпиада ойындарын өткізу дәстүрі діни культтің бөлігі ретінде пайда болды. Ойындар біздің эрамызға дейінгі 776 жылдан бастап өткізіліп келеді. Ойындардың атауы да Олимпиадан шыққан;
♦ Қазіргі Олимпиада ойындарын ХІХ ғасырдың соңында француз қоғам қайраткері Пьер де Кубертен қайта жандандырды;
♦ Алғашқы Олимпиадада алтын медаль болған жоқ. 1896 жылы Афинада өткен алғашқы заманауи Олимпиада ойындарында бірінші орын алған спортшылар лавр жапырағы және күміс медальмен марапатталды. Бір қызығы, екінші орын иегерлері қола медальмен, ал үшінші орын иегерлері ешқандай сыйлықпен марапатталмады;
♦ 1900 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында бірінші орын алған спортшыларға алтын медальдардың орнына суреттер берілді. Ол кезде мұндай сыйлық өте құнды деп саналды;
♦ 1904 жылы Олимпиада тарихында тұңғыш рет Сент-Луис қаласы бірінші, екінші және үшінші орын алғандарға&нбсп; алтын, күміс және қола медаль табыстады;
♦ Тудағы бес шеңбер бір-біріне достық қатынасты білдіретін бес құрлықты – Африка, Азия, Австралия, Еуропа және Американы бейнелейді;
♦ Бірінші рет өткізілген Олимпиадаға әйелдер қауымы қатыспаған. Алайда, көп ұзамай, 1900 жылы Парижде өткен Олимпиадада әйелдер әр командада болды;
♦ Олимпиада ойындарының таза алтын медалі соңғы рет 1912 жылы Стокгольмде спортшыларға берілді. Осыдан кейін медальға тек аз көлемде алтын қосады;
♦ Қытай командасы 1984 жылға дейін олимпиададан бірде-бір медаль алған жоқ. 1984 жылғы олимпиадада Қытай 32 медаль иеленді. 19 спорт түрінен 2016 спортшы қатысты. Олардың 15-і алтын, 8-і күміс, 9-ы қола медальмен марапатталды;
♦ Қысқы Олимпиада ойындарының негізі 1924 жылы қаланды. 1994 жылға дейін Жазғы және қысқы Олимпиада ойындары бір жылда өткізілді;
♦ Көрермендер 1936 жылғы Берлин Олимпиадасын алғаш рет теледидардан тамашалады;
♦ Бойкоттың салдарынан 125 әлем чемпионы, көбінесе Кеңес Одағы мен Шығыс Германия спортшылары 1984 жылғы Олимпиадаға қатыспады. Соның салдарынан АҚШ 83 алтын, 61 күміс және 30 қола медалін жеңіп алып, медальдар кестесінде жеңіске жетті. Бұл олимпиада тарихындағы рекорд саналады. Сарапшылардың пікірінше бұл рекордты алдағы уақытта бір мемлекеттің жаңартуы екіталай.