- Негізгі бет
- Tokyo 2020
- Мамажанова қыздар марафонында...
Мамажанова қыздар марафонында 46-орын алды
Токиодағы Олимпиада ойындарында әйелдер марафоны өтті.
Алғашқы екі орынды кениялық желаяқтар алды. Перес Джепчирчир алтын медаль, Бриджид Косгей күміс медаль иеленді. "Қола" америкалық Молли Зайдельге бұйырды.
Қазақстандық Жанна Мамажанова жеңімпаздан 10 минут артта қалып, 46-орынға тұрақтады.
Олимпиада ойындары-2020. Токио, Жапония) Марафон. Әйелдер
1. Перес Джепчирчир (Кения) – 2:27:20
2. Бриджид Косгей (Кения) – 2:27:36
3. Молли Зайдель (АҚШ) – 2:27:46
4. Роза Дереже (Эфиопия) – 2:28:38
5. Ольга Мазуренок (Беларусь) – 2:29:06
6. Мелат Йисак Кеджета (Германия) – 2:29:16
...46. Жанна Мамажанова (Казахстан) – 2:37:42
А. Оралқызы