Команда капитаны Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалға өтті

Команда капитаны Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалға өтті
Фото: Жеңіс Ысқабай

Токио Олимпиадасының ширек финалында өнер көрсеткен қазақстан боксшысы Қамшыбек Қоңқабаев келесі айналымға өтті.

91 келіден жоғары салмақта рингке шыққан отандық боксшы Мысыр елінің спортшысы Юсри Резк Мостафа Хафез кездесті.

Қоңқабаев алғашқы раундта-ақ шабуылға көшіп, қарсыласынан басымдық түсті. Екінші раундты да жеңіспен аяқтап, үшінші рауднта бір ауызбен жеңіске жетті.

Айта кеткен жөн, бүгін рингке шыққан тағы бір қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл өзбек спортшысын жеңіп, жартылай финалға шыққан еді. 

 

 

Қ. Слямбек