Қазақстанның Олимпиада құрамасының капитаны, боксшы Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға өтті.
91 килодан жоғары салмақта өнер көрсететін отандасымыз ширек финалда ресей боксшысы Иван Верясовпен кездесті.
Бірінші раундты Қоңқабаев сәтті өткізді. Төрешілер жеңісті бір ауыздан берді. Екінші раундты да қазақстандық спортшы бақылауында ұстады.
Үшінші раундтта ресейлік боксшы тәуекелге барып, алға ұмтылды. Алайда қазақ боксшысының қорғанысын бұза алмады. Есеп – 4:1.
Отандасымыз жартылай финалда Ричард Торреспен (АҚШ) кездеседі. Бұл кездесуде жеңілген боксшы қола жүлдені алмақ.