Қазақстандық боксшы Зәкір Сафиуллин Токио Олимпиадасының ширек финалына шықты.
63 келіде өнер көрсететін Сафиуллин 1/8 финалда жапон боксшысы Дайсукэ Наримацумен кездесу өткізуі керек еді. Алайда жапон спортшысы жарақат алып, жекпе-жекке шыға алмай қалды.
Енді Зәкір Сафиуллин ширек финалда бақ сынап көрмек.
Айта кеткен жөн, осымен төртінші боксшымыз ширек финалға өтіп отыр. Сәкен Бибосынов (52 келі), Зәкір Сафиуллин (63 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі) пен Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) қалды.