- Негізгі бет
- Tokyo 2020
- Қазақстандық жалғыз боксшы...
Қазақстандық жалғыз боксшы қыз да Олимпиаданы ерте аяқтады
Фото:
Тұрар Қазанғапов
Токиодағы Олимпиада ойындарына аттанған қазақстандық жалғыз боксшы қыз Надежда Рябец жүлде жолындағы бәсекені бірінші жекпе-жегінен кейін аяқтады. Отандасымыз әлем чемпионатының қола жүлдегері Тамар Тиболтты жеңе алмады.
Қазақстандық боксшы қыз бірінші раундты сәтті өткізді. Тіпті қарсыласынан ширақ қимылдап, дәл соққыларымен көзге түскен. Алайда бес төрешінің үшеуі өз ұпайын қарсыласына берді. Одан кейінгі екі раундта канадалық боксшы басымдық байқатты. Бойы мен қолының ұзындығын ұтымды пайдаланып, жеңіске бастар жолды тауып кетті.
Айта кетейік, Надежда Олимпиада ойындарын ерте аяқтаған қазақстандық үшінші боксшы. Күні кеше Абылайхан Жүсіпов пен Василий Левит қарсыластарына есе жіберіп, жүлдеден қағылған еді.
Н. Үсенова