Қазақстан медаль саны бойынша 22-орын алады – Gracenote

Қазақстан медаль саны бойынша 22-орын алады – Gracenote
Фото: olympic.kz

Танымал Gracenote статистикалық агентігі Токиода басталатын Олимпиада ойындарына соңғы болжамын жариялады. Олардың сараптауы бойынша қазақстандық спортшылар жалпы саны бойынша 15 медальмен 22-орын алады.

Статистикалық агенттік ақпараты бойынша қазақстандық спортшылар 1 алтын, 2 күміс, 12 қола медаль еншілейді. Бұл, әрине болжам ғана. Отандастарымыздан бұдан да жоғары нәтиже күтеміз.

Жалпы медаль саны бойынша АҚШ спортшылары алда болады деп топшылаған. Олар 96 медаль еншілейді деп болжаған. Одан кейінгі орынды Олимпиада туы астында бақ сынайтын Ресей құрамасы, үздік үштікті қытайлық спортшылар түйіндейді деген пікірде.

Н. Үсенова