- Негізгі бет
- Tokyo 2020
- Қазақ телеарналары бүгін...
Қазақ телеарналары бүгін отандық спортшылардың сайысын неге көрсетпеді?
Бүгін Токио Олимпиадасында медальдар жиынтығы сарапқа салына бастады. 13 бірдей қазақстандық спортшы жарыс жолына шықты. Алайда қазақ жанкүйерлері көбінің бәсекесін тамашалай алған жоқ.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында бір қола медаль бар. Оны 60 килоға дейінгі салмақта бақ сынаған дзюдошы Елдос Сметов жеңіп алды. Отандасымыздың татамидегі белдесулерін жанкүйерлер қазақ телеарналарынан тамашалай алмады.
Олимпиада ойындарының көрсетілуінің өзі жарысқа бірер күн қалғанда ғана белгілі болды. Оған дейін келіссөздер жүргізіп келгені жайлы айтты. Нәтижесінде бүгінгі телекөрсетілімдерді ұсынуда техникалық ақаулар пайда болған. Мұны Qazaqstan ұлттық арнасы әлеуметтік желіде парақшасында хабарлап, түсіністікпен қарауға шақырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Құрметті көрермен!
Токио Олимпиадасын көрсету құқығы жарыс басталар уақытта алынғандықтан, спорттық шараларды тікелей эфирде көрсету барысында біршама қиындықтар туындап жатыр. Сигналды қабылдайтын техниканы тексеру және тесттен өткізуді құқықты сатып алмай тұрып жүргізу мүмкін емес. Сондықтан телеарналардың алдын ала дайындық жүргізуге мүмкіндігі болған жоқ.
Техникалық жағынан келеңсіздіктердің туындау қаупін болжай отырып, қолда бар мүмкіндікпен Олимпиаданың бүгінгі бағдарламасы эфирлік кестеге енгізілді. Алайда жанкүйерлер отандастарымыздың кейбір сайыстарын тікелей эфирде тамашалай алмады.
«Қазақстан» РТРК» АҚ мен «Хабар» агенттігі» АҚ қызметкерлері бар мүмкіндіктерді пайдаланып, олқылықтарды жөндеуге тырысып жатыр. Сигналды тесттік режимде қабылдау бір немесе екі күн уақытқа созылуы мүмкін екенін ескерте отырып, түсіністік танытуларыңызды сұраймыз.