Токио Олимпиадасындағы 57 килоға дейінгі салмақтағы бокс бәсекесі басталды. Отандасымыз Серік Теміржанов бірінші кездесуінде венгр боксшысы Роланд Галошты жарыс жолынан шығарды.
Қазақ боксшысы қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Тіпті жекпе-жек басталған сәтте-ақ қарсыласын нокдаунға түсірді. Одан кейін тағы бір рет төреші есеп ашты. Нәтижесінде отандасымыз 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Серік Теміржанов 1998 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. Олимпиада жолдамасын Амманда өткен іріктеу кезеңінде жеңіп алды.