Бүгін қазақстандық боксшылардың ширек финалда өнер көрсетті. 52 килода шаршы алаңға шыққан Сәкен Бибосынов испан боксшысы Габриэль Эскобармен бақ сынасты.
Бибосынов алғашқы раундта-ақ алға ұмтылып, қарсыласын нокдаунға жіберді. Екінші раунд қазақ боксшысы дұрыс тактика ұстанып, шапшаң қозғалды. Бірақ төрешілер бұра тартып есепті тең деп тауып, екі спортшыға да бірдей ұпай берді.
Үшінші раундты қазақстандық боксшы өз қолына алып, жеңісті жұлып алды. Есеп – 3:2.
Айта кетейік, бүгін ширек финалда қазақстанның тағы бір боксшысы – Зәкір Сафиуллин шаршы алаңға шығады.