Қазақстандық каратеші Дархан Асаділов 2020 жылы Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ерлер арасында кумитеден 67 келіге дейінгі салмақта сынға түсті.
Асадилов топтық раундтың бірінші кездесуінде түрік Ерай Самданды 6: 2 есебімен жеңді.
Бұл топта әлі 3 қарсыласпен жекпе-жегі бар.
Жартылай финалға шығу үшін қазақстандыққа топта бірінші немесе екінші орын алу қажет.