Қазақстандық таеквондашы қыз Жансель Дениз Токио Олимпиадасы жолдамасына ие болды. Осылайша ұлттық құрама қоржыны тағы бір лицензиямен толықты.
Амманда (Иордания) өтіп жатқан таеквондодан Азия құрлықтық іріктеу жарысында Жансель Дениз 67 килодан жоғары салмақта финалға шықты. Отандасымыз жартылай финалда финалда тәжікстандық Мохру Халимованы 12:2 есебімен ұтты.
Құрлықтық іріктеу жарысында финалға шыққан спортшылар автоматты түрде Олимпиада лицензиясына иелік етеді.
Айта кетейік, осыған дейін ерлер арасында 80 килодан жоғары салмақта Руслан Жапаров жолдама жеңіп алған болатын. Жартылай финалда ол WT атынан шыққан спортшы Амир Али Акбарды 31:20 есебімен ұтқан еді.