Tokyo Олимпиадасында бүгін еркін күрестен жарыс басталды. 57 келіде татамиге шыққан қазақстандық балуан Нұрислам Санаев Гвинея-Бисау елінің спортшысы Диамантину Иуна Фафеді жеңіп, ширек финалға жолдама алды.
6 минутқа созылған белдесуде отандасымыз 7 ұпай жинап, жеңісті қолдан жұлып алды. Есеп – 7:0.
Енді Нұрислам Санаев ширек финалда жапон палуаны Юки Такахасимен кездеседі.
Айта кетейік, еркін күрестен қазақстан құрамасының 5 спортшысы Олимпиадаға қатысуға лицензия алған. Алдағы уақытта жарыс жолына тағы 4 балуанымыз шықпақ.