Токио Олимпиадасының төрінде еркін күрестен жарыстар әлі жалғасуда. 74 келіде татамиге шыққан қазақ балуаны Данияр Қайсанов екі қарсыласын да жеңіп, ширек финалға шықты.
Алғашқы қарсыласы жапон балуаны Отогуро Кейсукены айқын жеңіспен жеңіп, ширек финалда кездескен мысыр балуаны Амр Хуссенді ұпай санымен жеңді.
Енді қазақ балуаны жартылай финалда ресей спортшысы З. Сидаковпен кездесіп, Олимпиада жүлдесіне таласып көрмек.
Айта кеткен жөн, бүгін 57 келіде өнер көрсететін қазақстандық балуан Нұрислам Санаев қола алу үшін белдеспек. Кездесу сағат 15:45-те.