- Негізгі бет
- Tokyo 2020
- Дмитрий Баландин жартылай...
Дмитрий Баландин жартылай финалға шықты
Фото:
Сали Сабиров
Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин Токио Олимпиадасында 200 метрге брасс әдісімен жүзуде жартылай финалға шықты. Отандасымыз дәл осы қашықтықта 2016 жылы Риода топ жарған.
Дмитрий іріктеу кезеңінде 2:08.99 минут уақыт көрсеткішімен төртінші болып келді. Нәтижесінде жартылай финалға жолдама алған 16 спортшы ішінде 7-орынға тұрақтады.
Жарыстың жартылай финалдық кезеңі ертең өтеді. 8 жүзгіш финалға жолдама алады.
Н. Үсенова