Қазақстандық тағы бір боксшы Олимпиада ойындарындағы жарысын аяқтады. 57 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасатын Серік Теміржанов америкалық Дюк Роганнан айласын асыра алмады.
Серік Теміржанов бірінші жекпе-жегінде венгр боксшысы Роланд Галошты айқын ұтқан еді. Америкалық боксшыға қарсы кездесуде жеңіске жете алмады. Төрешілер 5:0 есебімен қарсыласын жеңімпаз ретінде таныды.
Қазақстан ерлер құрамасы сапында үшінші боксшы жарысты аяқтады. Осыған дейін Абылайхан Жүсіпов пен Василий Левит жүлдеден үміт үзген еді. Ал қыздар арасындағы жалғыз боксшымыз Надежда Рябецтің де жолы болмады.