- Негізгі бет
- Tokyo 2020
- Бекзат Нұрдәулетов те...
Бекзат Нұрдәулетов те бірінші жекпе-жегінде жеңілді
Фото:
Тұрар Қазанғапов
Қазақстандық боксшы, әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов Токио Олимпиадасының ширек финалына шыға алмады. Отандасымыз бірінші жекпе-жегінде ресейлік боксшы Имам Хатаевқа жол берді.
Бірінші раундта төрешілердің барлығы жеңісті Имам Хатаев еншісіне берді. Бекзат екінші раундты сәтті өткізді. Сонда да екі төрешінің есебі ресейлік боксшы тарапында болды. Ал жан алысып, жан беріскен шешуші раундта екі боксшы да аянып қалмады. Бас жарылды, ауыр соққылар өткізді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Бекзат қарсыласына 4:1 есебімен жол берді.
Қазақстандық боксшылардың соңғы кездесулері көңіл қуантарлық емес. Кеше Абылайхан Жүсіпов пен Василий Левит, бүгін Серік Теміржанов пен Надежда Рябец жарысты аяқтады.
Н. Үсенова