Велоспорттан Токио Олимпиадасындағы топтық жарыс аяқталды. Қазақстандық спортшы Алексей Луценко мәреге 21-ші болып жетті.
234 шақырымдық жолда бірінші болып эквадорлық Ричард Антонио Карапас жеңімпаз атанды. Күміс медальды бельгиялық Ваут ван Арт жеңіп алса, үздік үштікті словениялық Тадей Погачар түйіндеді.
Топтық жарыс жолына Алексей Луценкодан бөлек қазақстандық Вадим Пронский мен Дмитрий Груздев те шыққан. Олар мәре сызығына жетпеді.