Бүгін Токио Олимпиадасының төрінде грек-рим күресінен әйелдер кездесуі басталды. Қазақстандық командадан алғаш болып татимеге көтерілген Эльмира Сыздықова іріктеу кезеңінде жеңіліп қалды.
76 килода өнер көрсететін қазақстандық спорты қырғыз балуаны Айпері Медетқызымен шығып, 1:6 есебімен жеңілді.
Айта кеткен жөн, еркін күрестен енді қазақстандық командадан Валентина Исламова мен Татьяна Ахметова өнер көрсетеді.
Ал ерлер арасында алғаш бозкілемге көтерілген Мейрамбек Айнағұлов та қырғыз балуанынан жеңіліп қалды. Отандасымыз 60 кило салмақта белдесті.