27 шілде күні жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар

ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындары жалғасады. Ертең (27 шілде) Токио төрінде қазақстандық спортшылар 6 спорт түрінен бақ сынайды. Олардың қатарында Жансель Дениз, Руслан Жапаров және Дидар Хамза медаль үшін таласады. Назарларыңызға отандастарымыздың жарыс кестесін ұсынамыз.

Дзюдо, ерлер бәсекесі. "Хабар" және Qazaqstan арналары
27 шілде, 08:00, іріктеу, Дидар Хамза – Саид Моллаи (Моңғолия) (- 81 килоға дейін салмақ)
Сағат 14:00-де жұбаныш кездесулер мен жартылай финал және финалдық бәсекелер басталады.

Теннис, ерлер және әйелдер
27 шілде, 08:00 - Елена Рыбакина - Донна Векич (Хорватия)
27 шілде, 08:00 - Михаил Кукушкин - Илья Ивашка (Беларусь)

Таеквондо, ерлер және әйелдер
27 шілде, 08:00 - Жансель Дениз (+ 67 кило) - Светлана Осипова (Өзбекстан)
27 шілде, 09:45 - Руслан Жапаров (+ 80 кило) - Александр Бахманн (Германия)

Cадақ ату. Жекелей ерлер бәсекесі
27 шілде, 09:00 - Денис Ганькин

Су добы, топтық кезеңдегі ерлер бәсекесі 
27 шілде, 11:00 - Қазақстан - Сербия

Бокс, 69 және 91 килоға дейінгі салмақта, ерлер. 1/8 финал. "Хабар" арнасында
27 шілде, 14:15 - Абылайхан Жүсіпов (- 69 кило) - Деланте Джонсон (АҚШ)
27 шілде, 15:51 - Василий Левит (- 91 кило) - Эммануэль Рейес (Испания)

Жүзу, 200 метрге брасс әдісімен жүзу. Ерлер, іріктеу кезеңі. Qazsport арнасында
27 шілде, 16:58 - Дмитрий Баландин

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 3 қола медаль бар. Жалпыкомандалық есепте 40-орында келеді.