Бүгін Токиодағы ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарының 4-ші күні. Қазақстандық спортшылар спорттың 8 түрінен жарыс жолына шығады. Назарларыңызға отандастарымыздың жарыс кестесін ұсынамыз.
06:00 Cтенді ату. Скит. Әйелдер
Әсем Орынбай, Зоя Кравченко
06:30. Садақ ату. Ерлер. Командалық сайыс
Қазақстан — Үндістан
08:00 Дзюдо. Ерлер
73 кило. Жансай Смағұлов — Фердинанд Карапетян (Армения)
08:00 Теннис. Әйелдер. Жекелей сын
Елена Рыбакина — Ребекка Петерсон (Швеция)
11:00 Каноэ. Слалом есу. Ерлер
Александр Куликов
11:30 Үстел теннисі. Ерлер
Кирилл Герасименко — Тимо Болль (Германия)
15:03 Бокс. Ерлер
52 кило. Сәкен Бибосынов — Янкьель Ривера Фигероа (Пуэрто-Рико)
16:50. Ауыр атлетика. Әйелдер
55 кило. Зульфия Чиншанло.