Бірде Ескендір Зұлқарнайын бір ғұламаға көкейіндегі сұрақтарын қояды. Әлемде ең ақылды адам кім? Сұрақты дұрыс қоя білетін және өмірінде кездескен әр адамнан сабақ алатын жан. Әлемде ең күшті кім? Өз әлсіздігін жеңе білген адам. Онда өмірдегі батыр кім? Жауын досына айналдыра білген жан батыр. Әлемде ең жоғары құрметке кім ие? Өз-өзін құрметтей білген адам. Ал кім әлемдегі ең бай адам саналады? Қолда барына қанағат тұта білген жанды ең бай адам деп есептейміз. Ең бақытты жанды айтыңызшы. Әдемі әрі ақылды әрекеттерге баратын жары бар күйеу бақытты. Міне, осы жауаптар Зұлқарнайынның көңілінен шығып, кейінгіге мұра етіп қалдырған екен.