Януш Леон Вишневский – қазіргі кезде атағы жер жарып тұрған поляк жазушысы.
► Барлығымыз ата-анамыз ұзақ жасайды деген оймен жүреміз. Ал аяқ астынан бақилық болған кезде тек кейінге қалдырған істеріміз ғана қалады.
► Интернет жақындастырмайды. Бұл жиналып қалған жалғыздық. Былай қарасаң, барлығымыз бірге сияқтымыз алайда әрқайсымыз жалғызбыз. Қарым-қатынас иллюзиясы, достық иллюзиясы, өмір иллюзиясы.
► Әкесінің балаларына деген махаббатын көрсетуінің ең жақсы жолы – олардың анасына деген махаббаты.
► Адамның есте сақтау қабілеті – өте қызық нәрсе. Ол сонша ұмытқың келген нәрсені жадтан шығармайды.
► Соңғы рет тағы да тәуекелге бел байлау аса қиын болды.
► Бақыт туралы кітап болса, бір-ақ беттен тұруы мүмкін. Ал қайғы туралы шексіз жаза беруге болады.
► Егер ер адамдар өмірге бала әкелетін болса, ешкімнің не інісі, не қарындасы болмас еді.
► Бос уақытың болған кезде ғана жалғыз екеніңді білесің.
► Неге ер адамдарға әйел адам білетін нәрсені өзі білмейтінін мойындау сондай қиын?
► Итім мені қандай адам деп ойласа, сондай адам болуымды қалаймын.
► Тек ешкім көрмейтін жерде ғана жылау керек және сол жылағаннан бақыт табатын жағдайда ғана...
► Егер мен өзім үшін сондай маңызды деп тапсам, ешкімге құлақ аспаймын. Тіпті ақылыма да.
► Тек әйелдер ғана биліктен де, атақтан да бас тартып, еркектің көлеңкесінде қала алады.
► Телефоныма еш қоңырау келмеген кезде, үнемі бұл сен екеніңді білемін.
► Өзіңді сағынбайтын адамды сағынудан асқан әділетсіздік жоқ.
► Жазылған ойға шабуыл жасай алмағанда, оның авторына шабуылдау басталады.
► Менің бақыт туралы өз ұғымым бар. Ол өте қарапайым әрі ақиқат. Мен үшін бақыт деген бақытсыздықтың болмауы.
► Адамдар кездескеніне қуануды үйрену үшін айырылысу керек.
► Адамдар араларында терең эмоциялық байланыс орнауы үшін күн сайын бірге болуы міндетті емес.
► Уақыт – өзге адамнан алатын ең үлкен сыйың.
► Есте сақтау – эмоцияның қызметі.
► Біреу өзіңді үтір-нүктесіне дейін тыңдап отырғанын сезу – мейірімнен де маңызды.
► Қара мысық бақытсыздық әкелетіні – сенің адам не тышқан болуыңа байланысты.