- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Усуюки гейшаның махаббаты...
Усуюки гейшаның махаббаты
Бұл оқиғаны Тории Киенага Минамиде жүргенде естиді. Эдоның оңтүстігіндегі "жаймашуақ" шағын аралда дүниеге келіп, алайда, бүр жарып, бүршік атып үлгермеген алғашқы әрі уыздай таза махаббат оқиғасы ел-жұрт есінде әлі күнге сақтаулы екен. Аты шығып, әлі таныла қоймаған жас суретші үшін бұл оқиға үлкен шабыт ошағына айналады. "Минами кварталында" атты шағын туындысын жазып, көп ұзамай әлгі картинасы жігіттің есімін әлемге әйгілеп жібереді...
* * *
Бірде португалдық теңізшілердің кемесі Минамидің төрінен шығады. Солармен бірге сол уақытта кемеде юнга да (матрос болуға дайындалып жүрген жасөспірім) болады. Оны Усюки есімді ең жас гейшамен таныстырады. Сөзбе-сөз аудармада оның есімі "нәзік ұлпа қар" дегенді білдіреді.
Екі жас бір көргеннен-ақ бір-бірін қатты сүйіп, ғашық болып қалады. Бірақ, олар бір-бірінің тілін мүлдем түсіне алмайды. Ғашық жұп содан бүкіл бір түнді бір ауыз сөз айтпастан, ай астында ойға шомумен өткізеді.
Ертеңгісін олар қоштасады. Усуюки үйіне келсе, төргі бөлмеде әлгі жігіттің дүрбісі қалып қойғанын көреді. Аңғал қыз бұдан өзгеше сыр ұғып, жігіттің ертелі-кеш қайта оралам деген сөзі ғой деп, бір сеніммен ішіне түйеді.
Сумида көліне әр жолы барғанда, ол құрбыларынан бөлініп қалып, португалдық кемелерге көз қырын салумен болады...
Жылдар өтіп, Сумиданың суы арнасынан бір тасып, бір кеміп жатқанда, қала тұрғындары қызды үнемі сол жерден көріп тұрады. Жылдар өтсе де әлгі қыздың сол бір сұлу қалпынан еш өзгермегені байқалады. Шынында да, ол жітітпен танысқан күніндегідей уыздай жас әрі әдемі күйінде қалып қоя береді.
Жапондардың айтуынша, Ұлы махаббат сол қыз үшін Уақытты тоқтатыпты...
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: myfashionmind.com
Л. Лига