- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Ұстаз туралы ұлағатты...
Ұстаз туралы ұлағатты сөздер
«Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беріп жүрген ұлағатты ұстаздарымыз мектептің – жүрегі. Мамандықтың анасы деп есептелетін мұғалімдік жұмысы көп қажырлы қайрат пен шыдамдылықты, терең білімді қажет етеді. «Ұстаздың бақыты – шәкірттің құрметі» демекші екінші үйіміз, екінші анамыз болған ұстаздарымызды ешқашан да ұмытпаймыз! Назарларыңызға ұстаздар жайлы айтып кеткен ұлылардың ұлы сөздерін ұсынамыз.
Мұғалім деген ат — қасиетті ат. Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөзді ұғынады. Елдің надандығымен алысатын адам мұғалім.
Сәбит Мұқанов
Мектептің жаны – мұғалім.
Ахмет Байтұрсынов
Мұғалімі қандай болса – мектебі де сондай болмақ.
Ахмет Байтұрсынов
Шәкірт болып көрмеген, ұстаз болып жарытпас.
Боэций
Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы.
Ахмет Байтұрсынов
Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең,құр қаталдықтан түк те шықпайды.
А.П.Чехов
Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі.
Ахмет Байтұрсынов
Жақсы мұғалімдер жақсы оқушыларды жасайды.
М.В.Остроградский
Сабақ беру-үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол-жаңадан жаңаны табатын өнер.
Жүсіпбек Аймауытов
Педагог әдептен құр болса, оқушылардың тәрбиесіне залалы тиеді. Олардың бойында кейін түзеуге қиын соғатын әптүрлі жаман әдет-қылықтардың пайда болуына себеп болады.
Николай Дмитриевич Левитов
Мұғалімдік мамандық — бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым - шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалқ шеберлік пен педагогикалық өнер — ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады.
В. А. Сухомлинский
Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім — мектептің жүрегі.
Ыбырай Алтынсарин
Жаңа формация мұғалімі — рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты.
Нұрсұлтан Назарбаев
Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп, табуға үйретеді.
Адольф Дистервег
Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін: әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым.
Александр Македонский
Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес.
Мұхтар Әуезов
Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді.
Мәлік Ғабдуллин
Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.
Серке Қожамқұлов
Ұстаз- ұлық емес, ұлы қызмет.
Бауыржан Момышұлы
Мектепті сыйлағандықтан, мамандығын жан-тәнімен сүйгендіктен мұғалім ең алдымен өзінің интелектісін көтеруі керек, дүниеге деген көзқарастарын биіктетуі керек.
Әбділда Тәжібаев
Тәрбиелеушінің өзі-ақылдың,үлкен ұстамдылықтың, мейірімділіктің, биік адамгершілік көзқарастың иесі болуға тиіс.
М.П.Драгоманов
Құрметті Ұстаздар! Редакция атынан сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, әрбір бастаған істеріңізге сəттілік тілейміз! Шәкірт тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер!