Орыстың ұлы ұстазы Константин Ушинский тәрбие саласына сіңірген еңбегі зор. Артына қалдырған қазынасы да тәрбие тақырыбына тікелей байланысты. Орыс ойшылының қанатты сөздерінен сусындаңыз.
► Ойша әділеттімін деу, іс жүзінде әділетті екеніңіздің белгісі емес.
► Көңіл бөлу – жан дүниемізге кірер жалғыз есік.
► Тәрбиеші – шенеунік емес. Егер шенеунік болса, онда ол тәрбиеші емес.
► Балалар әрдайым белсенді күйде болады. Одан тіпті де шаршамайды. Керісінше, үнемі бір қалыпта болудан шаршайды.
► Адамзат тәрбие беру жолында сенім деген ұлы ұғым бар.
► Халықтың аузындағы тілі тірі тұрғанда, ұлт ешқашан өлмек емес.
► Егер педагогика адамды сан қырынан тәрбиелеймін десе, оны да түрлі қырынан тануы тиіс екенін білсін.
► Тәрбиенің ең басты бөлігі – мінезді түзеу.
► Мас адамға жарық та тас түнек боп көрінеді.