Үндіс халқы ержүректігімен тарихта қалған. Олардың бас киіміндегі қауырсын қандай мағына білдіретінін білесіздер ме? Жауынгердің бас киімінде қанша қауырсын болса, сонша жауын өлтірді деген мағынаны білдіреді. Үндіс көсемінің танымы сондай болса, ұстанымы қандай екен?
1. Жақсы адам тек жақсылықты көреді.
2. Өз-өзіңді тыңдау үшін әлемде үнсіздік орнауы қажет.
3. Үнсіз отырған адам мылжыңнан екі есе көп біледі.
4. Өзгелерді ғайбаттамас бұрын өз аяғыңның ізіне қара.
5. Отан — сенің Жерұйығың.
6. Егер айтар сөзің болса, орныңнан тұр: өзгелер көрсін.
7. Дос пен қас үнемі өз рөлін сомдай бермейді.
8. Әр дәуірдің өз әні бар.
9. Тіпті өлі балық та ағыспен жүзе алады.
10. Жанарда жас болмаса, жанда кемпірқосақ та болмайды.
11. Өлім деген жоқ. Әлем алмасу деген бар.
12. Адам өз нысанасын өзі таңдады ма? Жебесін өзі жасасын.