- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Үмітсіз сүйсең, үндеме...
Үмітсіз сүйсең, үндеме
Бізге «Кішкентай ханзада» ертегісін сыйлаған француз жазушысы, әскери ұшқыш Антуан де Сент-Экзюпери адамдардың үлкен жүректі болуын армандаған. Ол өз туындысында жер бетіндегі адамдарға деген мол махаббатын білдіреді. Әрқайсысымыз жеке-жеке және біріккен түрде әлеммен астасып, бақытты өмір сүре алтынымызды жазады. Экзюперидің пайымдарына сенуге болады.
1. Адам болып қалу үшін көп нәрсеге төзімділік таныту керек. Ешқашан төзіміңді жоғалтпа, ол – соңғы есікті ашатын кілт.
2. Сүю – бір-біріне қарау емес, бір бағытқа бірге қарау.
3. Өткен жараға өкіну – өмірге келгеніңе не өмірге бейуақытта келгеніңе өкінумен тең. Өткен шақ – келешегіңнің өрімін жасаушы ғана. Өткенді орнына келтіре алмайсың.
4. Болашақ алаңдата ма? Бүгіннен бастап қамдан. Бәрін де өзгерте аласың. Жазық жерге қарағайлы орман өсіруге болады. Бірақ қарағайды құрастырғаның емес, тұқымды сепкенің маңызды.
5. Мен үшін физикалық батылдықтың маңызы жоқ. Кінәлауға қарсы тұру қабілеті – нағыз еркектік екенін маған өмірдің өзі үйретті.
6. Тек материалдық қажеттілік үшін ғана жұмыс істесек, өзімізді өзіміз қамауға аламыз. Бар байлығымыз – күл мен тозаңға айналады, олар бізге өмірдің мәнін түсінуге мүмкіншілік бермейді.
7. Адамды істеген әрекеті ғана таныта алады. Өзі және әрекеті, өзге ештеңе жоқ.
8. Үмітсіз сүйсең, үндеме. Егер махаббатың бір жақты болып, қарсы тараптан үміт болмаса, сезіміңді ешкімге айтпа. Ол тыныштықта ғана жеміс беретін болады.
9. Шөл даланың қандай жақсы жағы бар екенін білесің бе? Оның әлдебір жерлерінде бұлақтар жасырынып жатады.
10. Бұралаңы жоқ, түп-түзу жолмен алысқа бармайсың.
11. Менің қарапайым құпиям: ең маңызды нәрсе көзге бірден көрінбейді.
12. Қиындық туғызатын сезімді махаббатпен араластырма. Көпшіліктің көзқарасынша, махаббат азап әкелмейді.
13. Өмірдің мәнін іздейсің... Өмірдің бір ғана мәні бар, ол – сенің іздеу жолыңда райыңнан қайтуың.
14. Өзі төмен кісі өзгені төмендетуге әуес.
15. Адам өмірі бәрінен қымбат дейміз, бірақ әрекетіміз үнемі бұл сөзге қарсы шығады.
@. @assel_assanova