- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Ұлылардан қалған ұлағатты...
Ұлылардан қалған ұлағатты сөздер
Ұлы тұлғалар үшін ойын қарапайым сөзбен жеткізу қиындау. Айтқысы келгенін астарлап, әр нәрсеге балап, әр іспен салыстырып берген пікірлерін түсініп көріңіз.
Бәрі де данышпан. Бірақ барлық балықты ағашқа мінуі жөнінен бағалайтын болсақ, олар өмір бойы өзін ақымақ сезініп өтер еді. Альберт Эйнштейн
Егер түпсіз терең тұңғиыққа ұзақ қадала қарасаң, тұңғиық саған көзін қадай бастайды. Фридрих Ницше
Адам жеңілістерге төзуге жаралған жоқ. Адамда құртуға болады, бірақ жеңе алмайсыз. Эрнест Хемингуэй
Адам. Ол ақша табу үшін денсаулығын құртады. Қайта сауығу үшін ақшасын жұмсайды. Ол қазіргі күнінің рахатын сезінбей жатып, болашақты күтеді. Айналып келгенде бүгінімен де, ертеңімен де өмір сүрмеген болып шығады. Ешқашан өлмейтіндей тірлік кешеді, ешқашан ғұмір кешпегендей өмірден өтіп кетеді. Далай Лама
"Солай болғанда ғой..." деген сөзден артық қайғылы сөз айтылған да, жазылған да емес. Джон Гринлиф Уиттьер
Анам маған бес жасымда өмірдің кілті бақытта екенін айтатын. Мектепке барған кезімде, менен өскенде кім болғым келетіні сұралды. Мен «Бақытты болғым келеді»,– деп жаздым. Олар маған тапсырманы дұрыс түсінбеген екенсің деп сөкті. Ал мен оларға өздері өмірден ештеңе түсінбейтінін айттым. Джон Леннон
Мектепте білім алуыңызға кедергі келтіретіндерге тосқауыл қойыңыз. Марк Твен
Адам өлуі мүмкін, ұлттар пайда болуы және жойылуы ықтимал, бірақ ой ешқашан өлмейді. Джон Кеннеди
Айықпас дертке шалдыққан қоғамға бейімделуге ешқандай денсаулық жетпейді. Джидду Кришнамурти
Барлығы да өмірден өтеді, бірақ бәрі бірдей нағыз өмірді сүре бермейді. Уильям Уоллес
Біздің көпшілігіміз – өзіміз емеспіз. Ойымыз – өзгелердің пікірі; өміріміз – мимикрия (қорғаныш реңі); іңкәрлігіміз – дәйексөз! Оскар Уайльд
Барлық мейірім, күмәнсіз, ғажайып, ал ғажайып өзге өлшемді болуы мүмкін емес. Платон
Қауіпсіздік үшін бостандықтан бас тартқан адам қауіпсіздікке де, бостандыққа да лайықты емес. Бенджамин Франклин
Егер ол сізді не сіз оны өліп-өшіп сүйетін болмасаңыз, өзге ешкімге сенбеңіз. Уильям Сароян
Біреулердің қай жақтан болса да келуі, ал біреулердің қай жаққа болса да кетуі шексіз шаттық сыйлайтындай көрінеді кейді. Оскар Уайльд
Барлық мүшесі кінәлі қоғамда жалғыз қылмыс – ұсталып қалу. Әлемде ұрының жалғыз күнәсі – ақымақтық. Хантер Томпсон
Сүю – өзіңді өзге қырыңнан тану. Экхарт Толле
Кей адамдар 25 жасында қаза табады, бірақ оны 75 жасқа жетсе де жерлемейді. Бенджамин Франклин
Мен әртүрлі соққыны 10 000 рет үйренген адамнан қорықпаймын, бір соқы түрін 10 000 рет игерген адамнан қорқамын. Брюс Ли
Жер бетіндегі ең соңғы ағаш құлайды, ең соңғы көл тартылады, ең соңғы құс өледі. Адамдар осы кезде ғана ақшаны жей алмайтынын түсінеді. Үнді мақалы
@. @assel_assanova