Тыныштық – тәңірдің тілі, өзгесі – нашар аударма

Аударма – ұлы өнер екеніне ешкімнің таласы бола қоймас. Әлем аудармашыларының өз жұмысы туралы айтқан дана ойын назарыңызға ұсынамыз.

Аударма – сөз ғана емес, әңгіме тұтас мәдениеттің түсінікті тілге енуінде жатыр.

Энтони Бёрджесс

Аударма жасау – сөзді ештеңе өзгермейтіндей түрлендіру.

Гюнтер Грасс

Аударма жасағанда мен сөзді сөзбен бермеймін, ойды ой арқылы беремін.

Иероним

Аударма – терезенің арғы жағында тұрған гүлге тең.

Вольфганг Менцель

Тәржіма да әйел сияқты. Сенімді болса, сұлу емес. Көркем болса, сенімді емес.

Сафир Мориц-Готлиб

Юмор – аудармадағы ең бірінші ғайып болатын нәрсе.

Вирджиния Вулф

Тыныштық – тәңірдің тілі, өзгесі – нашар аударма.

Д.Руми

Аударма жасау – зор бақыт. Оны тек музыка өнеріне ғана теңей аламын. Бұл – интерпретация.

Лилианна Лунгина

Түпнұсқа мен аударма әдебиеттің арасындағы ұқсастық емес, туыстықтың мәні зор.

Владимир Микушевич

Аудармашы шыныдай мөлдір болуы тиіс. Тіпті оны бар-жоғы да көрінбейтіндей болсын.

Николай Васильевич Гоголь