- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Тұтынушының қалауы не?...
Тұтынушының қалауы не?
Бірде шәкірті ұстазына былай депті:
– Тұрақты тұтынушым мені сатушыларының алдында дәріс оқуға шақырды. Ол мені өзі танитындардың ішіндегі ең үздік саудагер ретінде құрметтейді екен. Қол астындағы сатушылары менен үлгі алса дейді.
– Тамаша, – дейді ұстазы, – бірақ бұл сенің шынында да ең үздік саудагер екеніңді білдірмейді әрі ештеңенің кепілі емес. Бәлкім, ол кісі жай ғана сізбен ұзағырақ жұмыс істегісі келетін шығар.
– Мәселе осында болып тұр. Бос уақытым көп болса, оларға біраз нәрсе үйретер едім. Ал қазір тек бір жарым сағатымды бөле аламын. Ол кісінің айтуынша, сатушылар жұмыстан шаршап шығады, сондықтан оларды жұмыстан кейін ұзақ уақытын алып, көп қинамайық деген сыңай танытты. Қалай ойлайсыз, жарты сағат ішінде оларға әрі пайдалы, әрі тиімді болатындай не нәрсені баса айтсам болады?
– Расында да уақытың тым тығыз екен. Ал сенің клиентің қандай кәсіппен айналысады? Оның тұтынушысы кімдер? Қандай фирмасы бар?
– Осы қалада сегіз ірі дүкені бар, – деп шәкірті сауда орталықтарын атап шықты. – Олар киім де, аяқ киім де, ас үй жабдығын да сатады. Азық-түліктен басқаның бәрін сатады деуге болады.
– Ол дүкендерді жақсы білемін. Олай болса, әлгі сатушыларға айтуың керек негізгі ой: дүкенге келушілер бір нәрсе сатып алуды жақсы көреді, бірақ өздерін әлдекім билеп-төстегенді ұнатпайды. Өзі де жарты сағатың бар екен, осыны қалай түсіндіретініңді, қандай мысал келтіретініңді жақсылап ойланып ал. Тыңдағанымен, аса ұқпауы да мүмкін, бірақ бәрібір дүкенінен сауда жасаушылар қайта айналып келеді, – дейді.
Шәкірті сатушылардың алдына шығып, дәріс оқи бастағанда барлығы ұйып тыңдайды. Жарты сағаттан асып кетсе де, жұмыстан шаршап шыққанына қарамастан, тыңдаушылар дәріскерге әңгімесін ары қарай жалғастыра беруін өтінген екен. Осы күні сабақ түн ортасы ауғанша жалғасыпты.
@. @assel_assanova