- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Тірлік...
Тірлік
Дәлелхан Байбота
Бозарып атқан таң байтақ далаға жарығын түсіре бастады. Ұйқысынан селт етіп оянған қоңыр аңның тентегі бөкен орнынан тез тұрды да маңайына көз жүгіртіп, құлақ тұрды.
ــ Қашуым керек, енді қашпасам, азулы арыстан мен аш қасқырға жем боламын,–деп шығысты бетке алып, зымырай жөнелді.
Дәл осы кезде арыстан да ұйқысынан селт етіп оянып, керіліп–созылды. Онан соң:
ــ Жүгіруім керек, бір күндік тірлік үшін енді тырбынбасам аш қаламын,–деп шығысты бетке алып көсіле шапты.
Күннің сарысын көрмей, түнімен жер бетін ойрандап, қарнын қампитқан жабайы доңыз бағанағы бөкен мен арыстанның салдырын естіп басын көтерді.
ــ Мыналарды жын соққаннан сау ма? Таң атпай енді ұйықтайын дегенде маза бермеді ғой, осы да тірлік болып па, тәйір. Одан да ұйықтаса болмай ма?!–деп кейіді де көзін жұмып қорылға басты.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: v3wall.com
M. Auelkhan