Тайғанақтық тақырға отырғызады

Тайғанақтық тақырға отырғызады
Фото: ru.wikihow.com

Таза өтірікке қарағанда жартылай шындықты әшкерелеу екі есе қиын. 

О.О. Мэлли 

Жалаға зердесі мен ар-намысы бар адам кешірім жасауға келісіп көрген емес, келіспейді де. 

Дж. Галифакс

Біреудің адасқанын әркім-ақ аңғарады, ал оның өтірік айтып отырғанын кез келген адам біле бермейді. 

И. Гете

Өзіңді-өзің алдаудан оңай нәрсе жоқ. 

Демесфон

Албастыны алдағанның айыбы жоқ. 

Д. Дефо

Білмей тұрып, билік айтудан аулақ болғын. 

Б. Момышұлы

Шындықтан қорықпаған адамға өтіріктен қорқудың еш жөні жоқ. 

Т. Джефферсон

Нағыз қауіпті өтірік - сәл-пәл бұрмаланған шындық. 

Г. Лихтенберг

Өтірік - жентектелген көбік қар сияқты, неғұрлым ұзақ домалатсаң, соғұрлым қампия түседі. 

Лютер

Өзгеге шынын айтпауға әдеттенген кісі өзіне де шынын айтпайды. 

Ф. Ларошфуко

Сын айту үшін шын айт. Шын айтпай, сын айтпа. 

Б. Момышұлы

Алдамшының абыройын төгу - аса ұнамды іс. 

Лафонтен

Шындыққа санап өтірік айтып қалуға болар, бірақ "суайттық" ұғымы әдейі айтылған өтірікке тікелей қатысты. 

Б. Паскаль

Суайт адам сүйегіне сіңген әдетпен орайы жоқта да өтірік айта береді. 

Кіші Сенека

Тайғанақтық тақырға отырғызады. 

Л.Н.Толстой

Өтіріктің астында жер-су баспайтын құр аты бар, шындықтың астында жүрмейтін сұр аты бар. 

Т. Ізтілеуіов

Қ. Бүйенбай