Тамырдың маңызы. Өсиет әңгіме

Орманның жанындағы өзеннің жағасында ағаштар өсетін еді, олар биік, гүлі әдемі, жапырағы қалың боп өсуге бар күшін салатын. Олар үшін биіктік пен сұлулық маңыздырақ болып көрінді, тамыр жаюға күш қалмады.

Сол биіктігімен және үлкен гүлдерімен тамсандырған ағаштар арасында гүлсіз, кішкентай лавр ағашы өсетін-ді. Ол бар күшін тамырға жұмсады. Барлығы оның үлкен әрі әдемі гүлдері, алып бойы болмағандықтан, мазақ етіп күлетін.

«Лавр! Сен бар күшіңді несіне тамырға жұмсайсың, бізге қарасаңшы. Бәрі бізді үлкен жапырақтарымыз, хош иісті гүлдеріміз, биіктігіміз үшін мақтайды».

Ал лавр болса былай жауап беретін: «Мен одан да күшімді тамырыма жұмсаймын: өсемін және маған мұқтаж болғандарға жапырақтарымды беремін». Бірақ бәрібір де басқалары оған күлуден жалықпады.

Бірде қатты жел соғып, әлгі ағаштар тамырлары әлсіз болғандықтан кұлап қалды. Ал лавр болса, тек бір-екі жапырағын ғана жоғалтқаны болмаса, аман қалды.

Сол кезде ғана, басқалары қиын сәттерде сыртқы келбеті мен түрі емес, тамырдағы, жүректегі, жан-дүниедегі күші сақтап қалатынын түсінді.

artpsy.kz