Бірде шәкірт Ұстазынан сұрады:
- Ұстаз, сатып алушыға ұсыныспен тіл қатуға ыңғайлы, оңтайлы һәм қолайлы күн бар ма?
- Күн? - таңырқады Ұстаз.
- Бұл аптаның бір күні немесе айдың бір күнтізбесі дегендей...
- А-а-а, аптаның күні... - деп Ұстаз басын қозғады. - Иә, әрине. Бұл күн - сейсенбі, - деді де шәкірттеріне қулықпен көз тастады. Қалғандары жалма-жан дәптерлеріне ұмтылып, Ұстаз айтқандарды жазып алып жатты.
- Ал сен неге жазбай отырсың? - деді ол, өзіне қарама-қарсы отырған, езуінде жымиыс бар шәкіртіне қарап.
- Өйткені, Ұстаз мен сіздің ендігі не айтатыныңызды білемін.
- Не екен ол? - деп Ұстаз маңғаздана қолын көтерді, сол сәтте бүкіл оқушылар кенет тына қалды. Шәкірті былай деп жауап қатты:
- Сонымен бірге сәрсенбі, жұма, сенбі, дүйсенбі, бейсенбі және жексенбі.
Шәкірттер өз қатарласының дұрыс жауап бергеніне қуанып, шуласып кетті. Аралықта бірі тұрып тағы сұрақ қойды:
- Ұстаз, рет тәртібі осылай жалғасуы тиіс пе?
Ұстазы манағы дұрыс жауапқа бір табан жақындаған шәкіртіне ұзақ қарап тұрды да:
- Жауабы! - деді.
- Бір ғана күн, - деді әлгі шәкірт, - Ол күн - бүгін.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: nashasvadba.net