Ник Вуйчич сирек ұшырасатын аурумен дүниеге келсе де, бақытты болу үшін бәрін жасайды және өз дегеніне жетеді. Қазіргі таңда оның ерлігі тек қана мүгедектерге емес, қол-аяғы балғадай адамдарға да үлкен үміт сыйлап отыр. Біз бүгін Никтің бір топ нақыл сөзін ұсынамыз.
1. Егер ешкім ашпаса, бірден бір емес, бірнеше есікті қағыңыз.
2. Дос керек кезде дос болыңыз, ал бір нәрседен үміттенсеңіз, өзгелерге де үміт сыйлаңыз.
3. Біз бәріміз бір-бірімізден жетіспеушіліктерді байқай аламыз, алайда жақсы тұстарымыз туралы неге сөз қозғамаймыз.
4. Өзіңіздің істеріңізге өзіңіз сүйсініп қарайтындай етіп өмір сүріңіз.
5. Біздер бақыт өзі келеді деп күтпей, керісінше оған өзіміз қол жеткізуіміз керек.
6. Кей кезде қойған сұрағыңызға бірден жауап ала алмайтыныңызды түсінуіңіз керек.
7. Бұл өмірде мені айналып өткен аурулар өте көп. Сондықтан мен өзімнің осы өміріме де ризамын.
8. Басқалардан көмек сұрауға болатынын әрі керектігін мен ерте үйрендім. Себебі жалғыз өзімнің қолымнан келмейтін істердің бар екеніне көзім жетті.
9. Нағыз махаббат түр-әлпетте емес, жүректе.
10. Өмірде кездесетін әр қиындықтың бір қуанышы болатынын ұмытпаған жөн.
11. Өздерін бақытсыз адам деп есептейтіндер – бақытқа жетуге сәл-ақ қалғанда шыдамай кетіп қалған адамдар.
12. Ішкі жан-дүниеңіз дұрыс болмаса, жарқыраған жүзіңіз ештеңе де шешпейді.
13. Кейбір адамдарға кішкентай істер де көп қуаныш әкеледі.
14. Күйзеліске түскен кезде айналаңызға көзіңізді ашып қараңыз.
15. Тағы бір күн – тағы бір мүмкіндік.