Ертеде бір қайырымды саудагер сараң бір кісінің құдығын сатып алады. Мақсаты құдық суын кедейлерге садақа қылмақ екен. Ертеңіне суға келсе, құдықтың бұрынғы иесі жолын кес-кестейді.
Арам оймен: «Мен саған құдық сатқаныммен ішіндегі суын сатқан жоқпын. Егер су алғың келсе, онда оның ақшасын төле» — дейді. Оған саудагер сөзден тосылмай: «Маған құдықтың өзін ғана сатқан болсаң, онда оның ішіне су қалдыруға хақың жоқ. Судың бәрін алып кет немесе құдығымды жалға алып, ақшасын төле», — дейді.
Сөзден жеңілген сараң аузына құм құйылып, арам ойын іске асыра алмаған екен.
Дереккөз: bilim-all.kz