- Негізгі бет
- Тәмсіл
- Сүю адамның бүкіл...
Сүю адамның бүкіл игі қасиеттерінің басын қосады
* "Махаббатсыз – дүние бос,
Хайуанға оны қосыңдар".
Абай
* "Махаббатсыз өмір – өмір емес, бос тірлік қана, махаббатсыз өмір сүруге болмайды, адамға жан сүю үшін ғана берілген".
М.Горький
* "Сүйіспеншіліктен сүйіспеншілік туады".
Софокл
* "Сүйіп көрмеген – өмір сүріп көрмегенмен бірдей".
Ж. Мольер
* "Поэзия, іңкәр махаббат – біздің өміріміздің, біздің жастығымыздың гүлі".
В.Г.Белинский
* "Өзі тамаша адамның ғашық жары да тамаша болуға тиіс".
Ә.Науай
* "Достық пен махаббат, екі ұлы сезім, адамды мүлде өзгертіп жібереді".
Жан Поль
* "Махаббатсыз тіршілікте – жан жоқ".
И.Гете
* "Құдай-ау, қайда сол жылдар,
Махаббат, қызық сол жылдар.
Ақырын-ақырын шегініп,
Алыстап кетті-ау құрғырлар".
Абай
* "Шынайы адамгершілік махаббат – сезім аңсары мен жүрек қалауын қанағаттандыруға емес, бір-бірінің адамгершілік қадір-қасиеттерін өзара құрметтеуге ғана негізделуге тиіс".
В.Г.Белинский
* "Сүю адамның бүкіл игі қасиеттерінің басын қосады".
В.Г.Белинский
* "Күйіп-жанып сүйген ғашығыңның саған селқос қарауынан ащы азап жоқ; ер жігітке деген тағдыр тәлкегінің ең ауыры – осы".
М.Горький
* "Махаббат дегеніміз – қажеттілік пен сезімнің ұласуы".
О.Бальзак
* "Махаббат жоқ жерде болашақ та жоқ".
І.Есенберлин
* "Сүйіс те бір тұзды су,
Ішкен сайын шөлдейтін".
Рудаки
* "Өзі ешкімді сүймеген адамды, меніңше, ешкім де сүймейді".
Демокрит
* "Жек көрудегі сияқты, махаббатта да азап, рақат, қуаныш, қайғы, қорқақтық пен батылдық, тіпті ыза мен өшпенділік секілді әр алуан сезімдер де ұштасып жатады".
К.Д.Ушинский
* "Адам қалауының үш қайнары бар, олар: жан, сана, тән.
Жан қалауынан достық,
Сана қалауынан сыйлау,
Тән қалауынан құмарлық туады. Осы үшеуінің қосылуынан махаббат пайда болады".
(«Шабдал бұтақтары» кітабынан)
* "Махаббат қуанышсыз болған еді,
Айрылу қайғы әкелмес ол дағы енді".
М.Ю.Лермонтов
* "Жек көре білмеген сүйе де білмейді".
М.Горький
* "Сұлулық – әйелдің бақыты, қадіріне жетпесе – соры".
Л.Н.Толстой
* "Сұлулық, пісіп тұрған жеміс тәрізді, өмірі қысқа нәрсе".
Ф.Честерфильд
* "Сүйіспеншілік сезіміне адамгершілік қасиеттердің әсер ететінін жоққа шығаруға болмайды, адамды сүйгенде оны идея ретінде түгел сүйеді, әсіресе, оның бойындағы анықтай да алмайтын, атай да алмайтын нәрсені сүйеді".
В.Г.Белинский
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: wallon.ru
Ш. Талап