Ән тыңдағанда сөзі жүрегіңізге қонымды болса, афоризмдерді естігенде тура сіздің көкейіңізден шыққандай сезім туғызса, бұл сөздер өміршең болады. Тауып айтылған тіркес қашанда құнды. Солардың бірқатарын оқып, ойыңызға тоқып көріңіз. Жауыңмен айқасқанға қарағанда, өз жаныңмен шайқасқан қиынырақ. Адамның тек күнгей тұстарымен ғана достасуға болмайды. Лай суды да жайына қалдырсаң, ол таза да мөлдір болып шыға келеді. Өзіңді сүймегенді сүю әуежайда кеме күткенмен тең. Әлдебіреуге көмектескен кезде ол өзінің сәтсіздіктері үшін де дәл сізді кінәлайтынын ұмытпаңыз. Біреудің сыртынан сөйлемес бұрын оның бәтеңкесімен ұзақ жолға шығып көріңіз. Кірпі болғанның жақсы жері ешкім мойныңа отырмайды. Қоғам зұлымдыққа толы болғаны сонша, нағыз адал адамға да күмәнмен қараймыз. Кез келгеннің кемшілігі бар. Оның кемшілік дегені сізге артықшылық болып көрінетін адамды іздеңіз. Шыдамды адамдардың жанында абай болыңыз. Төзімі таусылған кезде ол кемені емес, бүкіл айлақты өртеп жібереді. Сіздің жүрегіңіз тез жараланатынын, көңіл-күйіңіз тым құбылмалы екенін, тіл табысу оңай емес екенін көре тұра жаныңызда болуды қалайтын адамның ғана шын сүйетініне сенуге болады. Адам қандай жағдай болса да, өз отбасын қажет етеді. Үйіп-төгілген ақша да, ең бауырмал достар да, тым жоғары мансап та отбасының орнын баса алмайды. Бір қателікті екі рет қайталауға болмайды. Екінші рет бұл қателік емес, таңдау. Барлығы жақсы деп айтатын адам емес, іс насырға шапса да, қандай жағдай болса да соңына дейін сенімен бірге боламын деп айтатын адам керек. Сізді тек жақсылыққа бастайтын адамдармен ғана араласыңыз. Білмегеніңнен қорықпа, үйренбегеніңнен қорық. Өткеніңіз үшін өзіңіді жазғырмаңыз, сіз жай ғана бақытты болуға талпындыңыз. Жүрек гүл секілді, өзі ашылмаса, күштеп ашу мүмкін емес. Ақымақтық жасауды тоқтатсақ, қартайдық деген сөз.